Мектеп оқушыларымен кездесу

Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Алпысбес Мақсат Алпысбесұлы кәсіби бағдар жұмыстары бойынша өзі білім алған Павладар облысы, Баянауыл ауданы, Зейін Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің үздік аяқтаған 35 оқушысына жалпы жинағы 240 мың теңге көлемінде ақшалай шәкіртақы тағайындады. Бастауыш сыныптың 22 үздік оқушысына 5000 теңге, қалған сыныптардың 13 оқушысына 10000 теңге стипендия қарастырған. Мақсат Алпысбесұлының игі бастамасына мектеп ұжымы, оқушылары алғысын білдіріп аудандық газетке мақала жариялаған!