«Археология және этнология» мамандығының 2-курс магистранты Букешева Г.К. педагогикалық практикасы аясында АЭ-12 тобына «Мамандыққа кіріспе» пәнінен ашық сабақ өткізді.

2019 жылдың 20 қарашасында 6М020800- «Археология және этнология» мамандығының 2-курс магистранты Букешева Г.К. педагогикалық практикасы аясында АЭ-12 тобына «Мамандыққа кіріспе» пәнінен ашық сабақ өткізді.  
        Сабақтың тақырыбы - «Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер». Сабақ барысында Қазақстанданың тас, энеолит, қола және ерте темір дәуіріндегі археологиялық ескерткіштерінің зерттеу тарихы және ерекшеліктері қарастырылды. Студенттер материалды білудің жоғары деңгейін, сонымен қатар пәнге деген қызығушылықтарын көрсетті.