«ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ДІНИ ДӘСТҮРЛЕР ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ (ХІХ Ғ. - ХХ Ғ.БАСЫ)» тақырыптық фотокөрме

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады” деп. Қазақстан халқына жасаған үндеуі негізінде қараша айының 2 жұлдызында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында атты ғылыми жоба аясында «Қазақ қоғамындағы діни дәстүрлер және қайырымдылық (XIX ғ. - XX ғ.басы)» деген атаумен тақырыптық фото көрмесі өтті. Көрменің басты мақсаты - қазақ даласында XIX-XX ғасырларда болған қайырымдылық қызметін көпшілікке таныстырып, өткен ғасырдың мысалында жас ұрпаққа қайырымдылықтың маңызын  түсіндіру.

Көрме шымылдығын аталған орталық басшысы Болдыков Жандос Бекдильдаевич құттықтау сөзімен ашты. Сөз барысында ол Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, соның ішінде Тарих факультетімен екеуара жасалған келісімнің маңыздылығын айтып, алдағы уақыт жоба барысына қажетті құжаттармен қуана бөлісетіндігін мәлімдеді.

Кушенова Г.И. Орынбор қаласындағы «Орынбор облысының біріккен мемлекеттік архиві»: қорынан алынған фотоқұжаттары жайында баяндамасын оқып, фотосуреттерді таныстырып шықты. т.ғ.к., доцент Жапекова Г. К. өзінің Түмен облысындағы мешіттер туралы (РФ) деп аталатын баяндамасын жасады.

Көрмеге Еуразия ұлттық университеті, Тарих факультетінің 1 курс магистранттары мен қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының ғылыми қызметкерлері қатысты. Баяндамалар мен құттықтау сөздерден соң, аталған мәселелерге байланысты сұрақтар мен ғылыми дискуссия болып, соңында шара қонақтары көрмеге қойылған барлық фотоқұжаттармен жеке-жеке танысып, олар туралы жан-жақты мәліметтер алды.