ТАРМПУ ЖӘНЕ ЕҰУ МАГИСТРАНТТАРЫ МЕН ДОКТОРАНТТАРЫ - ПРОФЕССОР ДҮКЕНБАЕВА З.О. ДӘРІСІНДЕ

 

Ағымдағы жылдың наурыз айының 10-20 күндері аралығында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің магистранты Парман Динара Бақтыбекқызы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Тарих факультеті «Қазақстан тарихы» кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтуде. Сонымен қатар, ТарМПУ магистранты Динара Бақытбекқызының диссертация тақырыбы Алтын Орда тарихымен етене тығыз байланысты. Жас ізденушінің ғылыми жетекшісі Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры, т.ғ.д. Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы.

Осы ретте, наурыз айының 12-ші жұлдызында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығы» РМК-сі  қабырғасында профессор Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызының ғылыми дәрісі болды. Аталған дәріске ЕҰУ магистранттары мен докторанттары, ғылыми қызметкерлер қатысты. Атап айтатын болсақ, ЕҰУ-нің докторанттары Байжұма Гүлнар, Алиакбарова Айнұр Пернебекқызы және магистранттар Бекет Жұлдыз, Макишева Айтолкын Жумаханкызы және т.б. ізденушілер қатысып, көкейінде жүрген сауалдарға жауап алып, ғылыми ізденістері бойынша пікір алмасты. Дәрістен соң, докторанттар мен магистранттар Елорда төріндегі төл тарихымыздың руханиятын танытатын құнды жәдігерлерге толы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының кітапхана залымен және ҚР Ұлттық архивінде болып зерттеу жұмыстары бойынша араб, шағатай қарпіндегі және төте жазудағы сирек кітаптармен, қолжазбалар және деректермен танысты.