Тарих факультетінің деканы «ANTIKOR ORTALYGY» алаңына сұхбат беруге шақырылды

2021 жылдың 18-ақпанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.С. Садықов Нұр-Сұлтан қаласы «ANTIKOR ORTALYGY» алаңына сұхбат беруге шақырылды.  

Сұхбатты #ANTIKOR.LIVE жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департаменті жанынынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, «Әдеп» жобалық кеңсесінің жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты Е.Е. Нұғыманов жүргізді.

«Ұлттық құндылық және бүгінгі жастар» тақырыбында өткен салиқалы сұхбатта Тілеген Садықұлы тәуелсіз елдің ұрпағының еншісіне бұйырған ұлттық құндылықты сақтап, оны халқының қажетіне жарататын адал азаматтар болып қалыптасуына тілегін  білдірді.