Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Основан 1996 году

Исторический факультет


ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ КОМИТЕТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2020 жылдың 19-қарашасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Академиялық мәселелер департаментінің қатысуымен  Тарих факультетінде Академиялық комитет отырысы өтті.

Аталмыш шарада Академиялық мәселелер департаментінің директоры Б.Б. Қашхынбай кіріспе сөз сөйлеп, жаңа оқу жылына жоспарланатын білім беру бағдарламаларын  нақтылау жөнінде тоқталды. 

Білім бағдарламаларын басқару бөлімінің  басшысы Т.Қ. Қуанғалиева университеттің Minor каталогына факультеттен ұсынылатын  бағдарламаны анықтау бойынша  ақпарат берді.

Академиялық комитет төрағасы – Тарих факультетінің деканы т.ғ.д., профессор  Т.С. Садықов факультеттегі білім беру бағдарламалары туралы айта келіп,  Академиялық мәселелер департаментінің факультеттер үшін ұйымдастырып отырған шарасының маңызылығына назар аударып, бөлім жұмысына сәттілік тіледі.

Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Ғ.И. Көшенова,  Археология және этнология кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Ұ.Ү. Үмітқалиев білім деңгейлері бойынша қолданыстағы БББ-на  талдау жасап, оларды жаңа қабылдауға ұсыну бойынша алға қойған жоспарларымен таныстырды.