Тарих факультеті наурыз айының 16-сы мен 31-і аралығында қашықтықтан оқыту үрдісі бойынша төмендегідей кезекті шараларды жүзеге асырды

 

Тарих факультеті 2020-2021 оқу жылының екінші  жарты жылдығындағы  наурыз айының 16-сы мен 31-і  аралығында қашықтықтан оқыту үрдісі бойынша  төмендегідей кезекті шараларды жүзеге асырды:

Наурыз айының соңғы аптасында  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «8D022 – Гуманитарлық ғылымдар» - «6D020300 – Тарих», «6D011400 – Тарих», «6D020800 – Археология және этнология» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесі отырысында  философия докторы (PhD) дәрежесі диломдарын ресми табыстау рәсімі өтті.

 

 

ZOOM платформасында ұйымдастырылған салтанатты шараны Диссертациялық кеңес төрағасы,  тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.С. Садықов  ашты.

Іс-шараға қатысқан республикамызға танымал отандық тарихшы-ғалымдар мен диссертациялық кеңес мүшелері докторлық диссертацияларын сәтті қорғап, диплом алғалы тұрған докторанттарға ұлт тарихын зерделеуге үлес қосуларына тілектерін білдірді.

Г.Моминоваға, Г. Абдыкуловаға,  Р.Хазретәліқызына,  Г. Чаргыноваға, М. Гиритлиоғлуға,  М. Салгараевқа  философия докторы (PhD) дәрежесі диломдары табысталды. 

 80 жылдық мерейтой иегері - ҚР ҰҒА академигі, шығыстанушы-арабтанушы, тарих ғылымдарының докторы, тарихшы-ғалым Болат Ешмұхамбетұлы Көмековпен онлайн кездесу өтті.

Кездесу Microsoft Teams платформасында жүргізіліп, ұйымдастырылған шараға университетіміздің басшылығы, факультеттің профессор-оқытушылары мен білім алушылар қатысты. Сонымен қатар еліміздегі тарих саласын зерттеуші-ғалымдар және академик Б. Көмековтің  шәкірттері кездесуге белсене араласты.

Тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Т.С. Садықов  ғалымның Отан тарихындағы алатын орны мен түркі дәуірін зерттеуге қосқан үлесі орасан екеніне назар аудара келе, Болат Ешмұхамбетұлына зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.

Іс-шара барысында қатысушылар толғандырған сұрақтарын ортаға салып, тарихтың қыр-сырынан хабар беретін ақпараттар алды.

 Археология және этнология кафедрасының ұйымдастыруымен  «археология», «этнология және музеология» пәндері  бойынша VI Халықаралық пәндік олимпиада өтті. 2016 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келген олимпиада, кейінгі жылдарда   пандемия жағдайында онлайн форматта өткізілуде. Іс-шараның мақсаты - тарихи-мәдени мұраны насихаттау бойынша ЖОО-ның қызметін жандандыру және білімалушыларды «археология», «этнология және музеология» бойынша тәжірибе алмасуға кеңінен тарту болып табылады.

Ұйымдастырылған шараға университетіміздің оқу-ісі жөніндегі проректоры Е.А. Оңғарбаев қатысып,  олимпиада жұмысына  сәттілік тіледі.

Олимпиадаға Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінен, атап айтқанда Киевтен (Украина), Якутиядан (Саха республикасынан), Санкт-Петербург, Новосибирск, Омбы және өңірлік,  республикалық ЖОО -нан барлығы 100-ге жуық студенттер қатысты. Қазақстандық қатысушылардың атынан Қ.Жұбанов атындағы  Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері қатысты.

Олимпиаданың 1-турында қатысушылар өз баяндамаларын ұсынды, 2- турда ұсынылған сұрақтарға жауап берілді.

VI Халықаралық пәндік олимпиада жұмысына Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессор оқытушылар құрамымен қатар,  І Петр атындағы Жоғары Халықаралық қатынастар мектебінің профессоры Л.В. Лбова және М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті С.Т.  Мусаева қазылар құрамында жұмыс жасады.

Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Ш.Б. Қаратайдың «Тарих» мамандығы Т-11 тобында «Қазақстан дипломатиясының тарихы» пәнінен «Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатия» тақырыбында ашық  сабағы өтті. Сабаққа факультет деканының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, т.ғ.к., доцент Қ.О. Сейтказина, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Ғ.И. Көшенова қатысты.

Ашық сабақта топ студенттері  Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастың дамуы мен алғашқы кезеңдегі келіссөздері туралы сөз қозғады. Кеңестік кезеңдегі қазақ дипломатиясының пайда болуы мен қазақтан шыққан дипломаттар туралы мәліметтер берілді.

 Тақырыпты қорытындылау барысында  Шыңғыс Балтабекұлы студенттерге  сұрақтар қойып, ашық сабаққа деген дайындықтарын жоғары бағалады.

Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Тарих» мамандығының 2-курс докторанттарының архивтерде өткізіп жатқан зерттеу практикасы нәтижесінде «Отандық тарих ғылымы және архив: мәселелер мен тың деректер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция Тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Т.С. Садықовтың алғысөзімен ашылды. Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Ғ.И. Көшенова конференция жұмысында модератор болды. Іс-шара қонағы, ҚР Ұлттық архиві директорының орынбасары С.Н.  Мүшкенова архив жұмысы туралы мазмұнды баяндама жасады. АҚШ-тың Пристон университетінен қатысқан Ейзенберг Лиораның  «Тhe Cool Kazakh Wave: Bir toqsan as a New Direction in Kazakh language «Patriotic Content» атты баяндамасы тыңдалды.

Сонымен қатар М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нен  З.Ш. Бимаканова, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен Н.Е. Тажмуханова, А.Г. Исенгалиева және т.б. тарих ғылымының және архивпен жұмыс жасаудың өзекті мәселелеріне арналған баяндамаларын ұсынды.

Археология және этнология кафедрасының ұйымдастыруымен «XIII Республикалық «археология және этнология» пәндері бойынша студенттік олимпиада өтті.

Шараның ашылу салтанатында  сөз алған Тарих факультетінің  деканы, т.ғ.д., профессор Т.С. Садықов олимпиада жұмысына сәттілік тіледі.

Олимпиадаға Республиканың  жеті ЖОО-нан  8 команда қатысты. Командалар арасында 3 тур бойынша өткен  сайыста, бас жүлдені қазылар алқасының ортақ шешімімен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің "Виртуалды археологтары"  командасы жеңіп алды. Бірінші орын және келесі жылғы олимпиада өткізу Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қорқыт ата» командасына бұйырды.

 «Әдеп» жобалық кеңсесі аясында Қазақстан тарихы кафедрасы «Тарих» мамандының 1-курс студенттерімен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатқа Т-11 тобының студенттері қатысты. Топ кураторы, деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Ш.Б. Қаратай «Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы» заңға тоқталып өтіп, білім алушылардың жемқорлықты алдын-алу мәселесіне қатысты ұсыныс-тілектерін қабылдай отырып, дер кезінде шара қолдану керектігін айтты. 

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай    АЭ-31 тобының   ұйымдастыруымен  «Жыр алыбы – Жамбыл» атты ашық кураторлық сабақ өтті.

Ашық сабақ барысында Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы, қазақ мәдениетіне жасаған игі істері жайлы сөз қозғалды. Ұлы қазақ философы жаңа ойлауды, жаңа дүниетанымды негіздеді, жаңа этикалық және эстетикалық құндылықтарды қалыптастырды, өмірдің, болмыстың және жаңа мұраттардың жаңа қағидатының қажеттілігін дәлелдеді, ағартушылық, даму,  өркениетті өмір және т. б. сияқты іргелі ұғымдарға ерекше назар аударылды.

 «Археология және этнология» мамандығының 2-курс докторанттарының зерттеу практикасы  аясында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлескен ZOOM платформасында онлайн семинар өтті. Семинарда Еуразия ғылыми-зерттеу институты Түркістан тобының аға ғылыми қызметкері Д.Ж. Жайлыбаев «Қазақстандағы қала антропологиясы: Түркістан қаласы мысалында» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашы елімізде қазіргі таңда қала антропологиясын қарастыру кемшін түсіп жатқанын тілге тиек ете отырып, өзінің Түркістан қаласы бойынша жүргізген ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде қол жеткізген қорытындыларын сипаттады.

Сонымен қатар Түркістандағы  Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қала тұрғындарының санасындағы маңызы жөнінде мағлұмат берілді. Баяндамашы қорытынды ретінде бүгінгі таңда қала антропологиясы тұрғысынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент сынды үлкен қалалардан бастап өңірлердегі орта және шағын қалаларды да зерттеудің өзекті екендігін атап өтті. 

Археология және зтнология кафедрасының  доценті С.З. Раздыковтың ұйымдастыруымен   7М02208 – «Археология және этнология қос дипломды БББ  магистранттарының зерттеу практикасы аясында  С.М. Аммосов атындағы Солтүстік Шығыс Федеральды университеті (Саха Республикасы), Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қатысуымен  «Ұлы Дала және Саха халқы: сабақтастық пен дәстүрлер» атты ғылыми семинар өтті.   

Семинар барысында қос дипломды БББ магистранттары А.С.  Габышевтің, В.А. Даниловтың,  У.Е. Захаровтың,  Л.Ф. Иванованың баяндамалары тыңдалды.