Тарих факультеті кеңесінің кеңейтілген мәжілісі

          2020 жылдың 4-ші ақпан күні Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық   университеті, Тарих  факультеті   кеңесінің  кеңейтілген  мәжілісі оқу ісі жөніндегі проректор Оңғарбаев  Еркін  Ануарұлы, академиялық мәселелер департаментінің директоры Палымбетов  Шамен  Балтабайұлы, жоғары білімнен кейінгі деңгейдегі қорытынды аттестациялауды ұйымдастыру бөлімінің бастығы Лисняк  Сергей  Михайлович, тіркеу бөлімінің жетекшісі Кыдырбаева Айман  Турсыналиқызы, ғылыми-техникалық бөлімнің  бастығы, Мұқатаев Нұрлан Серікұлы, академиялық мәселелер департаменті директорының орынбасары Ахметова Шолпан Толеуқызы, академиялық мәселелер департаменті директорының орынбасары Нұрмұхаметов  Нұрбахыт Нұрбопайұлы, оқу-әдістемелік жұмыстар бөлімінің бастығы  Есмағұлова Нұргүл Дюсенқызы,  оқу процесін ұйымдастыру және мониторинг бөлімінің бастығы   Прмантаева Бекзат Айдарбекқызы, карьера және  бизнес серіктестігі бөлімінің бастығы  Алдашева Лаура Сабитхановна,  қашықтық  технологиясы орталығының  жетекшісі Бекманова Гульмира Тылеубердиевна және факультеттің профессор-оқытушыларының қатысуымен өтті.                                            Тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Т.С.Садықов  алғы  сөз  сөйлеп,  факультеттің тыныс-тіршілігімен  толыққанды таныстырып  шықты. Сонымен  қатар туындаған  бірқатар  мәселелерді де алға тартты. Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Ғ.И.Көшенова  кафедра  туралы  мәнді мәліметтер бере  отырып,  оқу процесіне  қатысты  бірнеше  мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ археология және этнология кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Ұ.Ү.Үмітқалиев  кафедра  туралы маңызды  мағлұматтар бере  отырып,  кафедра жұмысына қатысты  кезек  күттірмейтін  мәселелердің  бар  екенін  мәлімдеді.  Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор  С.И.Ковальская, археология және этнология кафедрасының  доценті, т.ғ.к., М.К.Хабдуллина  өздерінің ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.