Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Основан 1996 году

Исторический факультет


Тарих факультеті 2020-2021 оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы желтоқсанның 21-і мен 26-сы аралығында қашықтықтан оқыту үрдісі бойынша төмендегідей кезекті шараларды жүзеге асырды:

Желтоқсанның 20-сы күні Тарих факультетінің кезекті Кеңес мәжілісі өтті. Факультет Кеңесінің төрағасы, т.ғ.д., профессор Т.С. Садықов кеңес мүшелерін күн тәртібінде жоспарланған мәселелермен таныстырды. Факультет Кеңесінде Тарих факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, т.ғ.к., доцент Г.К. Ерменбаева 2020 жылғы факультеттің ҒЗЖ нәтижесі және 2020-2021 жылғы ҒЗЖ жоспарының бекітілуі туралы кең көлемде ақпарат берді. Археология және этнология кафедрасының меңгерушісі Ұ.Ү.Үмітқалиевтің кафедраның жарты жылдықта атқарған оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Әр түрлі мәселелерде факультет жарияланымдарының жоспарына сай Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Г.К. Ерменбаеваның дайындаған «Новая история стран Европы и Америки» атты оқу құралы бекітуге ұсынылды.

23-желтоқсанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «8D022-Гуманитарлық ғылымдар» - «6D020300 Тарих», «6D011400 Тарих», «6D020800 – Археология және этнология» кадрларды даярлау бағыты бойынша Диссертациялық кеңестің ғылыми семинары онлайн жүйесінде өтті.

Диссертациялық Кеңес төрағасы т.ғ.д., профессор Т.С. Садықов отырыстың күн тәртібімен таныстырды.

Ғылыми семинар отырысында күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес «6D020300-Тарих», «6D011400 Тарих» мамандықтары бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған 6 диссертация талқылауға ұсынылды.

Ізденушілердің диссертациялық жұмыстары пікір берушілер тарапынан терең талданды. Диссертациялық кеңес мүшелері ізденушілердің зерттеу жұмыстарын қорғауға ұсынуға шешім қабылдады.

Желтоқсанның 23-ші жұлдызында ҚР "Bilim-Orkeniet" ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан 2020: Болашаққа жол» Қазақстан республикасының жастар саясатын дамыту мақсатында "Жылдың үздік студенті" байқауы өтті.

Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаз болып «Тарих» мамандығының 4-курс студенті Әбдрахманов Мейіржан (ғылыми жетекшісі: PhD, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Қабылтаева С.К.) марапатталып, «Жылдың үздік студенті» атты жинақ кітабы және төсбелгі, І дәрежелі диплом табысталды.

Әбдрахманов Мейіржан "Bilim-Orkeniet" ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы жастар жылы аясында еліміздің студенттері мен магистранттарын қолдау мақсатында ұйымдастырылған Үздік студенттер академиясының мүшесі болды.

Желтоқсанның 24-інде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және «Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің (БМПУ)» Тарих факультеттерімен бірлесіп «Қазақстан: тәуелсіздік, тұрақтылық және өркендеу» тақырыбында вебинар өткізілді.

Іс-шараны кіріспе сөзімен тарих факультетінің деканы т.ғ.д., профессор Т.С. Садықов ашты. Сонымен қатар, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Ғ.И. Көшенова да сөз алды. Вебинарды Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Г.Т. Мұсабалина ұйымдастырды.

 

Кездесуге ЕҰУ археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы Т.В. Кошман, факультеттің ОПҚ және студенттер, магистрант, докторанттар және БМПУ Тарих факультетінің деканы В.П. Скок, БМПУ халықаралық ынтымақтастық басқармасы бастығының орынбасары Т.П. Смолькина, деканның ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары П.А. Матюш, Беларусь-Қазақстан мәдени-білім беру орталығының басшысы А.Ф. Ратько, «Спадчына» («Наследие») студенттік ғылыми-зерттеу зертханасының төрағасы Н. Рачиловский қатысты.

Айта кетсек, «БМПУ және ЕҰУ: ынтымақтастықтың басталуы» атты баяндамасында тарих факультетінің деканы В.П. Скок бірлескен жұмыстың кейбір қорытындыларын шығарды және біздің факультеттеріміздің одан арғы ынтымақтастығының келешегі туралы әңгімеледі.Желтоқсанның 18-інде Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Г.Т. Мұсабалина Танк атындағы БМПУ тарих факультетінің студенттеріне виртуалды режимде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі» тақырыбында дәріс оқыды.

 

22-желтоқсанда 3-курс докторанты М.С.Джангужиев «Ашық есік күні» шарасы аясында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің мәдениет және өнер, тарих, экономика және құқық, педагогика факультеттерінің студенттері және магистранттарымен zoom-мен онлайн кездесу шарасын өткізді. Студенттер мен магистранттар көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап ала алды. 

Қазақстан достықтың, тату көршіліктің және өзара тиімді ынтымақтастықтың әрдайым бейбітсүйгіш әрі сындарлы саясатын жүргізетін халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде орныққаны белгілі. Қазақстан жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға сәтті көшудің үлгісін көрсетті, нарықтық экономиканың барлық тетіктері мен заңнамалық негізін қалыптастырғаны анық. Дәріс барысында осы мәселелерге ерекше назар аударылды.

Желтоқсанның өткен аптасында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Тарих факультетінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әлемнің екінші ұстазы, ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен қазақ халқының бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына» арналған «Қазақстан - менің Отаным» атты VI Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

Конференция нәтижелері бойынша 1 дәрежелі дипломмен «Тарих» мамандығындағы И-42 тобының студенті Әбдірахманов Мейіржан (ғылыми жетекшісі: PhD, доцент С.К. Қабылтаева) және Т-43 тобының студенті Сағадатов Тұран (ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Н.Н. Елкей).

Т-41 тобының студенті Рысмағамбетов Жанат II дәрежелі дипломымен марапатталды. И-42 тобының студенті Егинбай Адиль (жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Қ.Қ. Батталов) марапатталды. Т-31 тобының студенті Ұлықпанова Асемге (жетекшісі: аға оқытушы Н.Н. Елкей) мақтау қағаз берілді.