ПРОФЕССОР ДҮКЕНБАЕВА ЗАДАШ ОРАЗҒАЛИҚЫЗЫНЫҢ«САРЫАРҚА»ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТІЛШІСІМЕН ҒИБРАТТЫ СҰХБАТЫ

2020 жылы Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығына байланысты ағымдағы жылдың желтоқсан айының 23-ші жұлдызында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Тарих факультеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Задаш Оразғалиқызы Қарағанды қаласы «САРЫАРҚА»телеканалының тілшісі Әшімхан Жанпейісовке ғұлама ғалым Ақжан әл-Машанидың тұлғасы және ғылым жолындағы еңбектері аясында өзекті мәселелерді көтеріп, келелі де тұжырымды ойларымен бөлісті. Ғибратты сұхбат барысында  Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби мұрасын зерттеп, зерделеген Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани туралы деректік және фото-құжаттарды көрсетіп, таныстырды.Соның ішінде Ақжан әл-Машанидың Баб ас-Сағир қаласындағы, жеке қолжазба нұсқалары және т.б. сирек кітаптар мен құнды ақпараттардың маңыздылығын атап өтті.