онлайн дәрістер мен әдістемелер жөнінде АҚПАРАТ

Тарих факультеті

2020-2021 оқу жылының күзгі семестріндегі

қыркүйек айының 1-11 күндерінде өткен

қашықтан оқыту үрдісі бойынша

онлайн дәрістер мен әдістемелер жөнінде

АҚПАРАТ

 

Тарих факультеті 2020-2021 оқу жылының күзгі семестріндегі 1-11  қыркүйек айы аралығында қашықтан оқыту үрдісі бойынша онлайн дәрістер мен әдістемелерді жүзеге асырды.

            Бірінші қыркүйек - Білім күні «Тарих», «Археология және этнология» мамандықтарына қабылданған 1-курс студенттерімен бейімдеу шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға факультет деканы, деканның орынбасарлары мен кафедра меңгерушілері, кураторлар қатысты.

 

 

Тарих факультетінің деканы т.ғ.д., профессор Т.С. Садықов білім алушыларға платонус, «ZOOM», «Tiams»  платформалары арқылы қашықтан оқыту жүйесі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар Тілеген Садықұлы оқу үрдісі мәселелерін айтып өтті.

 

«Бакалавриат» білім беру бағдарламалары бойынша  1-курс студенттеріне факультеттің профессор-оқытушылар құрамы ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың бірінші қыркүйегіндегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына  Жолдауын талқылады.

 

 

Университет көлемінде жүргізілетін «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінің кіріспе сабағында пән оқытушылары ҚР Президентті Жолдауын білім алушыларға таныстырды. Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент  Ғ.И.Көшенова, кафедра доценттері К.Жакупова, Қ.О. Сейтказина, Г.К. Ерменбаева, Ж.К. Есимова,  С.К. Кабылтаева, Н.Ақпанбет,  аға оқытушылар – Ж.О. Хасенова, Б. Мұратбекқызы, Ж.С. Ерденбекова,  М.Ф. Абдуразаков сәулет-құрылыс, физика-техникалық және көлік энергетика, жаратылыстану ғылымдары  факультеттерінің 1-курс студенттерімен дәріс барысында Жолдау бөлімдерінің маңызды тұстарын қарастырды. (https://www.facebook.com/historyofkaz/, http://hist.enu.kz/post/obsuzhenie-so-studentami-1-go-kursa-poslaniya-prezidenta-rk-k-zh-k-tokaeva-narodu-kazahstana)

 

 

 

Қыркүйектің алғашқы күндерінде Археология және этнология кафедрасының 2 курс докторанттары мен магистранттарына педагогикалық практиканы өткізудің бағыт беру конференциясы өткізілді. 8D02208 – Археология және этнология мамандығы 2 курс докторанттары үшін педагогикалық практика 5 апта көлемінде 01.09.2020-03.10.2020ж ж. аралығында,  7М02208 – Археология және этнология мамандығы 2 курс білім алушылары үшін 01.0.2020-13.12.2020 жж. аралығында 15 апта екендігі түсіндірілді.

Қыркүйектің 5-і күні  Археология және этнология кафедрасы ОПҚ құрамы  «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығымен бірлесе отырып,  «Қазақстанның заманауи мәдениетіндегі қасиетті кеңістік: дәстүр мен жаңашылдық» атты онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталмыш шарада т.ғ.д., профессор Ж.О. Артықбаев «Есіл өңірінің эпикалық топонимдері», т.ғ.к., доцент М.К. Хабдулина «Истоки сакрального пространства Северного Казахстана», т.ғ.к., доцент А.Т. Жанисов   «Знаковые сакральные памятники Павлодарской области: мавзолей Исабек ишана, мавзолей Машхур жусупа, пещера Коныр аулие»  тақырыптарында баяндамалар   жасады.

 

 

2020 жылдың 8-қыркүйегінде бірінші курсқа түскен студенттерді бейімдеу декадасы аясында университет деңгейінде Тарих факультеті білім алушыларымен  құрылым басшылары, әскери кафедра мамандары Microsoft teams платформасында кездесу өткізді.

Ұйымдастырылған шараға факультет деканы Т.С. Садықов және кафедра меңгерушілері қатысты.

 

 

2020 жылы 10-қыркүйекте Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ  Карьера және бизнес бөлімі және  Нұр-Сұлтан қаласы «Назарбаев зияткерлік мектебі» ұжымымен  кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге білім ордасының директоры  С.Ө.Садуақасов, директордың  орынбасары Г.Калменова, Тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Т.С.Садықов, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент  Ғ.И.Көшенова қатысты. Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Тарих факультетімен, оның ішінде  Қазақстан тарихы кафедрасымен тығыз жұмыс жасауға ниет білдірді.

 

 

 

11-қыркүйек күні «Қазіргі таңдағы этнологияның даму бағыттары - этносоциология» атты  этнология саласындағы жас ғалымдардың өзара пікір алмасуы, тәжірибие бөлісуі негізінде Археология және этнология кафедрасының ұйымдастыруымен семинар өтті.

Семинарда  8D02208 – Археология және этнология мамандығы 2 курс докторанты Н. Досымбетовтің және Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, этнология бөлімінің ғылыми қызметкері Д. Жайлыбаевтың  баяндамалары тыңдалды.

 

5В020300-Тарих білім беру бағдарламсының 3 курс студенттері № 63 мектеп гимназиясында, 7М02203, 8D02203 - «Тарих» білім беру бағдарламаларының 2-курс білім алушылары кафедра базасында педагогикалық практикадан өтуде. Педагогикалық практика бағдарламасы бойынша тәжірибеден өтіп жатқан білім алушының сабақ жүргізуімен қатар ашық сабақ,тәрбие сағатын өткізулері жоспарланған.