Нұр –Сұлтан қаласының №70 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу

 

2020 жылдың 4-сәуірінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Тарих факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасы өкілдері Нұр –Сұлтан қаласының №70 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында ZOOM платформасында онлайн конференция өткізді. Конференцияны ұйымдастырған Тарих факультетінің 2-курс докторанты Г.У.Ахметшина. Конференцияға «Қазақстан тарихы» кафедрасы меңгерушісі т.ғ.к., доцент Ғ.И.Көшенова, кафедра эдвайзері т.ғ.к., доцент Г.К.Жапекова, кафедраның кәсіптік бағдар беру жұмыстарына жауапты т.ғ.к., доцент Қ.Қ.Батталов және №70 мектеп-лицей директорының бейіндік бағытта білім беру бойынша орынбасары М.Кәнзелхан, директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары А.Б.Амреева және 11-сынып жетекшілері мен оқушылары қатысты. Конференцияда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің мамандар дайындау бағыты, оқу және тәрбие жұмыстары, академиялық мобильділік бойынша шет мемлекеттермен байланыстары, түлектердің жетістіктері, білім алушылардың мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған мәліметтер бойынша сұрақтарын қойды. Тарих факультетінің мамандықтарына қызығушылық білдірді. Мектеп әкімшілігі мұндай бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра беруге әзір екендіктерін атап өтіп, осы конференцияны ұйымдастырып, қатысып отырған Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің өкілдеріне алғыстарын жеткізді. Кәсіптік бағдар беру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таба береді деген сенімдеміз!