Кәсіптік өндірістік практика есебі

2021 жылдың 6-наурызында Қазақстан тарихы кафедрасының «Тарих» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері ҚР Ұлттық архиві, ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи патриоттық орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Сирек кітаптар және қолжазбалар орталығының басшылығы тарапынан жоғары деңгейде ұйымдастырылған онлайн, офлайн түрде өндірістік практиканы аяқтады. Microsoft Teams платформасында өткен кездесу барысында аталған ұйым басшылары Тарих факультетінің студенттері біліктіліктері мен жоғары білімдерін атап өтті. Кездесуге Тарих факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.О. Сейтказина, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Ғ.И. Көшенова, Қазақстан тарихы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен кафедраның студенттері қатысты.

Практиканың ауытқусыз өткізілуіне практика базаларындағы жетекшілердің үлесі үлкен болды. Практика барысында жоғары жауапкершілікпен жүргізілген жұмыстың қорытындысын студенттердің тапсырған есептерінен аңғаруға болады.