Егемендіктің кейбір сабақтары

Археология және этнология кафедрасының 2 курс студентері мен топ кураторы аға оқытушы С.К.Ботбайекова және кафедраның доценті З.Ө. Ибадуллаева қатысуымен «Егемендіктің кейбір сабақтары» тақырыбында кураторлық сағат өтті.

Тәуелсіздік алу кез келген халықтың ең үлкен құндылығы. Себебі тәуелсіздік бар жерде еркін даму бар. Оған дәлел ретінде әлемде ықпал етіп отырған озық елдер тәуелсіздіктің арқасында жеткен. Сондықтан Тәуелсіздікті қадірлеу, оны бағалай білу, сақтай білу – баршамыздың басты парызымыз деп білген жөн.  Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жылдығына орай өткізілген кураторлық сағата, балдар еліміздің жан жақты даму кезеңдері мен өзгерген бағыттарын айтып қарастырды.