Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Основан 1996 году

Исторический факультет


BTS DIGITAL КОМПАНИЯСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ САЯСАТ НҰРБЕКПЕН КЕЗДЕСУ

2020 жылдың 13-қарашасында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де университеттің 2021-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясына дайындық барысында BTS Digital компаниясының білім беру орталығының жетекшісі Саясат Нұрбекпен кездесу болып өтті. Кездесуде Саясат Нұрбек Бүгінгі таңдағы Қазақстандағы жаңа мамандықтар мен кәсіптердің атласы мен олардың құзыреттері жайында баяндады. 

Сонымен бірге кездесуде Тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Т.С. Садықов ЖОО-дағы білім берудің бүгінгі таңдағы өзгерістері туралы сипаттап өтті.

Іс-шара жұмысына Қазақстан тарихы кафедрасы профессор-оқытушы құрамы қатысып, бүгінгі таңдағы білім мәселелерінің көптеген сұрақтары жөнінде пікір алмасты.