босаған мемлекеттік білім гранттарының орындарына үміткерлерді ұсыну байқауы жарияланды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2019-2020 оқу жылының факультет білім беру бағдарламаларында босаған мемлекеттік білім гранттарының орындарына үміткерлерді ұсыну байқауы жарияланды.

Тарих факультетінде 2 курс 5В020300 – «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша 1 босаған мемлекеттік грант орны анықталды. Осыған орай, факультеттің Кеңес мәжілісінде ақылы негізінде білім алатын оқу үлгерімі мен қоғамдық жұмыстарға  белсенділігін ескере отырып, босаған мемлекеттік грантқа білім алушылар арасынан 5В020300 – «Тарих»білім беру бағдарламасы  бойынша  GPА көрсеткіші – 3.75, Т-21 тобының 2 курс  студенті Оразов  Нурболат  Ерғазыұлы және 5В020300 – «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша GPA көрсеткіші – 3.52, И-22 тобының 2 курс студенті Төрехан Сәуле Бақытжанқызының кандидатуралары қарастырылды.

Факультет кеңесінің шешімімен белсенділігі жоғары, GPА көрсеткіші – 3.75 құраған, 5В020300 – «Тарих» білім беру бағдарламасындағы Т-21 тобының 2 курс студенті Оразов  Нурболат  Ерғазыұлының кандидатурасы босаған мемлекеттік  грантқа  үміткер  ретінде  университеттің Ғылыми кенесіне ұсынылды.