АЙМАҚТЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

2020 ж. 11 қаңтарда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ деңгейінде аймақтық пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиаданың «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша бағытын Қазақстан тарихы кафедрасы өткізді.

«Дүниежүзі тарихы» пәніне Нұр-Сұлтан қаласының 40 мектебінен және Гуманитарлық колледжден қатысушылардың саны 98 құрады.

 

 

 

 

 

                                                       

Тарих факультетінің деканы Т.С. Садықов оқушыларға ақ тілегін айтып,сәттілік тіледі. Қатысушыларға олимпиаданың өту ережесі, тәртібі таныстырылды. Пән бойынша олимпиада екі кезеңнен (тест, эссе жазу) тұрды.

                                                    

 

 

 

Олимпиада қорытындысы бойынша университеттің кәсіби бағдар беру және тестілеу орталығының бастығы М.С. Аралханов, тарих факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары С.К. Қабылтаева, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Ғ.И. Көшенова орын алған оқушыларды дипломмен және қатысқанын растайтын сертификатпен марапаттады.

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша құрылған комиссияның шешімімен:

1-орын:      №64 мектеп лицейі И.А. Оразалы

2-орын:      №63 мектеп гимназиясы – Ж.Д. Алимжанов

Гуманитарлық колледж Н.В. Ем

3-орын:      Гуманитарлық колледж А.Т. Камзина

         Назарбаев зияткерлік мектебі – Ш. Жумабеков

         №80 мектеп гимназиясы- Т. Қабылғазы иеленді.