2019 жылдың 21-ші қарашасында Тарих факультетінің кеңейтілген кеңес мәжілісі өтті

Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінде 2019 жылдың  21-ші қарашасында  Тарих  факультетінің кеңейтілген  кеңес мәжілісі өтті. Тарих  факультетінің кеңейтілген  кеңес мәжілісіне  «Әдеп» жобалық кеңесінің басшысы Нұғыманов Еркебұлан Еркінұлы, кеңес мүшелері, профессор-оқытушылар және білім алушы студент, магистрант, докторанттар толықтай   қатысты.                                                                         Тарих  факультетінің кеңейтілген  кеңес мәжілісінде  кеңес төрағасы, тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор, Т.С.Садықов  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»  туралы толымды баяндама жасады. Баяндама барысында көптің көкейінде жүрген, қоғам түпкілікті жоя алмай жатқан  сыбайлас жемқорлық мәселесі елімізде  мемлекеттік деңгейде кеңінен көтеріліп, іс-шаралар атқаралып отырғанын айта кетті. Әсіресе,  жоғары оқу орнындары, оның ішінде  осы білім ордасында  бұл мәселенің ректорат жиылысында, өндірістік жиылыста, ғылыми кеңесте көтеріліп отыратынына тоқталды. Оның  айқын дәлелі  біздің оқу орнында «Әдеп» жобалық кеңесінің  жұмысы  болмақ. Бұл Әдеп» жобалық кеңесінің аясында университетіміздің әрбір факультетінде  білім  алушылар арасында тәрбие сағаттары өткізілді және өткізіле бермек. Сондай-ақ осы мәселеге байланысты факультетіміз жатақанада  тұратын студенттермен кездесу ұйымдастырды.  Факультетте білім алатын студенттер арасында  «Жастар жемқорлыққа қарсы» акциясы өтті. Тарих факультетінің старосталары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ашық старостат өткізілді. Тарих факультетінің кафедраларының отырысында профессор-оқытушылар арасында талқыланды. Сондықтан бүгінгі ұрпаққа білім беруші әрбір  профессор-оқытушы өз ісіне адал, ішкі мәдениеті жоғары, білікті маман иесі болу керек. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидасы қатаң сақталуы қажет екендігін тағы бір мәрте баса айтты.                            Бұдан әрі «Әдеп» жобалық кеңесінің басшысы Нұғыманов Еркебұлан Еркінұлы университетіміздің әлемдік рейтингтегі алатын орнын айта отырып профессор-оқытушылар тарапынан  бұндай бассыздыққа жол берілмеуін атап өтті. Адалдық, парасаттылық сағаттарыбілім алушылар арасында өткізіліп отыруын айтты.Профессор-оқытушылар қауымы білім алушылармен этика сақтағаны жөн деді. Оқу орнында «Таза сессия»  сауалнамсы жүргілетінін айтты. Сондықтан профессор-оқытушылар еліне адал еңбек етуі керек деді.   Тарих факультетінің қысқы емтихан сынақтарына дайындық барысы туралы деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ғ.И.Көшенова толымды ақпараттар          берді.                                                                                              Факультет кафедраларында  операциялық жоспардың орындалу барысы туралы  операциялық  жоспардың орындалуына жауапты Т.В.Кошман жоспарланған жұмыстардың орындалғанын түгелдей түгендеп, жіті есеп    жасады.                                                                               Кафедра  меңгерушілері   магистратура және  докторантура  оқу үдерісін ұйымдастыру туралы мәліметтер берді.