«ТҮРКІ ӘЛЕМІНДЕГІ ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СҰХБАТ

2021 жылдың 17-ақпанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті мен «Түркітану» кафедрасының ұйымдастыруымен белгілі исламтанушы-теолог, наиб мүфти Оңғаров Ершат Ағыбайұлымен «Түркі әлеміндегі Ислам құндылықтары» тақырыбында сұхбат болып өтті. Microsoft Teams платформасында өткен іс-шараға Тарих факультеті деканының студенттермен жұмыс жүргізу бойынша орынбасары Ш.Б. Қаратай, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы М.Ф. Абдуразаков және «Тарих» мамандығының студенттері қатысты.

         Исламтанушы-теолог, наиб мүфти Оңғаров Ершат Ағыбайұлы білім алушыларды қазақ жеріндегі ислам дінінің таралуы, ислам әлеміндегі ғалымдардың ізденістері мен өзге де мәселелер бойынша түсініктеме жасады. Сұхбат соңында білім алушылар теолог ғалымға бүгінгі таңда қоғамды мазалап отырған біқрқатар сұрақтар қойып, ғалымнан жан-жақты хабар алды.