«Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік» атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференция

Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне елімізде көптеген шаралар өткізілді. Солардың қатарында 08.05.2020 ж. ZOOM платформасы арқылы өткізілген «Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік» атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясын ерекште атап өтуге болады. Конференцияға еліміздің әр аймағынан 500-ге жуық адам қатысты.   

Конференцияның мақсат-міндеттері: тарихи сананы, ұлттық бірегейлікті, азаматтық белсенділікті қалыптастыру; Қазақстанның жас ұрпағының санасында Ұлы Отан соғысы туралы тарихи жадты сақтау; отаншылдыққа тәрбиелеу; ғылыми конференцияда ғалымдардан ғибрат алып, мұғалімдерді, оқытушыларды,  жастарды шағармашылық және зерттеу жұмыстарына көбірек тарту; Қазақстанның жас азаматтарының өз елі мен тарихына қатысты сүйіспеншілік сезімін және қазақстандық патриотизмді нығайту, ата-бабаларымыздың ерліктеріне тағзым ету.

Конференцияға қатысушыларды «Жеңіс күнімен» құттықтаған Қазақстан Республикасы білім жǝне ғылым вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызы конференция жұмысына табыс тіледі.

Сөз кезегін алған т.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетінің деканы, Қазақстан тарихы және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі Садыков Тлеген Садықұлы  конференцияға қатысушыларды тарих факультеті ғалымдарының Ұлы Отан соғысын зерттеудегі жұмыс бағыттары мен нәтижелерімен таныстырды, сонымен қатар оқушыларды болашақта Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-не оқуға түсуге шақырды.

Конференция жұмысына мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарым,  т.ғ.к., доцент, ҚР БҒМ ҒК «Мемлекет тарихы институты» директорының орынбасары Аманкелді Нұркейұлы Қашқымбаев, т.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Дукенбаева Задаш Оразгалиевна, т.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, Алпысбес Махсат Алпысбесұлы, «Білім-Инновация» ХҚҚ президенті Өте Дархан Ермаханұлы және еліміздің т.б. беделді және жас ғалымдары, «Білім-инновация» лицейлерінің оқушылары мен ұстаздары, жалпы орта білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары мен мұғалімдері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

Көлемді іс-шараның нәтижесінде: оқушылар бен конференцияға қатысушылар Ұлы Отан соғысы тарихын жан-жақты зерделеп шынайы баяндады; Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың жауынгерлік және еңбектегі ерліктері мен қаһармандық істері ашып көрсетіліп, солардың үлгісінде жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігі арттырылды; жас зерттеушілердің тарихқа деген шығармашылық мүмкіндіктері мен кәсіби ынтасы қалыптасты.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/394400-zhe-isti-75-zhyldy-yna-arnal-an-respublikaly-konferentsiya-tti