Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы мен ІІ дүниежүзілік соғыстағы жеңіске 75 жыл толуына орай ұйымдастырылып, қашықтықтан өткізілгелі отырған республикалық ғылыми жоба байқауының

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

Ақпараттық хат

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы мен ІІ дүниежүзілік соғыстағы жеңіске 75 жыл толуына орай ұйымдастырылып, қашықтықтан өткізілгелі отырған республикалық ғылыми жоба  байқауының

Е Р Е Ж Е С І

 

I. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

Мақсаттары:

·         Республикалық қашықтықтан өткізілетін ғылыми жоба байқауын ұйымдастыра отырып жас тарихшы ғалымдардың зерттеу жұмысына деген бейімін қалыптастыру.

·         Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің тарих факультетімен жалпы білім беретін орта мектептер оқушылары арасындағы байланысты күшейту.

 

Міндеттері:

·         Мектеп мұғалімдерімен ЖОО оқытушылары арасындағы байланысты нығайту;

·         Республикалық, ұлттық деңгейдегі өзекті мәселелерді көтеру;

·         Стратегиялық ғылым саласының бірі тарихқа оқушылардың қызығушылығын арттыру.

 

II.Байқаудың ашылуы

2.1 Байқау туралы ақпарат http://hist.enu.kz/ сайтында жарияланады. Байқау материалдары  2020  жылдың наурыз айының 1-ші жұлдызына дейін abaienu175@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Байқау қорытындысы 10-наурызда http://hist.enu.kz/ сайтында  жарияланады.

 

IІІ. Байқаудың қатысушылары

3.1 Республикалық жалпы білім беретін орта мектептердің 10-11 сынып оқушылары

3.2  Байқау тілі – қазақ және орыс

 

ІV. Байқау жұмысының негізгі бағыттары мен шарты

4.1 Байқауға қабылданатын ғылыми жоба–эссе түрінде болуы қажет;

4.2 «Абайдың тарихи мұралары», «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» тақырыптарының бірін таңдау керек.

 

V. Ғылыми жоба байқауының бағалау критерийі ( максималды балл – 50)

·         Эссе тақырыбының сәйкестігі, мағыналық тұтастық, мазмұндаудың жүйелілігі – 15 балл;

·         Мәселелі зерттеу сұрақтарын нақты қоюы, өзіндік тұжырымдардың берілуі – 10 балл;

·         Жұмыс тезистерінің ғалымдар пікірлерімен, ғылыми еңбектер, дереккөздермен дәйектелуі– 15 балл;

·         Тақырыпты талдау кезінде салыстыру тәсілдерін қолдана алуы, ойды қорытуы мен жұмыстың өзектілігін жеткізе білуі – 10 балл;

 

 

VІ. Ұйымдастыру комитеті

6.1   Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасы

 

VIIІ. Жеңімпаздарды марапаттау

7.1 Байқаудың жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ-ші дәрежелі дипломдармен марапатталады және сертификаттар беріледі.

7.2 Байқау жеңімпаздары әділқазы мүшелерінің шешімі бойынша анықталады.

 

Эссені рәсімдеу тәртібі

·         Мәтін Microsoft Wordмәтіндік редакторымен терілуі керек және WORD редакторында «Times New Roman» шрифтімен (шрифт өлшемі – 14, жоларалық интервал – 1, азат жол – 1,25 см.) жазылуы тиіс. Жоғарғы және төменгі шеттері – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм. Жұмыс жазылған файлдың атауы автордың тегімен жазылуы тиіс, мысалға: Ахметов Оспан.doc немесе Ахметов Оспан.docx

·         Ғылыми жоба 5 беттен кем болмауы керек  және өзге адамның жұмысы пайдаланылса, сілтеме жасаулы керек;

·         Әдебиеттер тізімі бойынша сілтемелер мақаланың соңында көрсетіледі, мақала мәтіні электрондық нұсқада жолданады.

·         Көрсетілген уақыттан кешіктіріліп немесе көрсетілген талаптарға сай келмейтін материалдар қаралмайды және кері қайтарылмайды.

·         Ұйымдастыру комитеті мақалаларды таңдау құқығына ие.

 

Байқау жұмысын қорытындылау

Байқау қорытындысы 2020 жылдың 10-шы наурызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Тарих факультетінің http://hist.enu.kz/ сайтында жарияланады

 

Анықтама үшін: 8701 346 16 04,  87711019142

 

Байқауға қатысу

Өтініші

 

Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы            

 

Білім беру мекемесінің атауы

 

Таңдаған тақырып атауы

 

Байқауға қатысушы: тегі, аты-жөні,  жас ерекшелігі;

Жетекшісінің аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы

 

Телефоны, ұялы, е-mail(оқушы мен жетекшісі)

 

3х4 фотосы