«ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ӘЛ-МАШАНИ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2019 жылы 13 желтоқсан күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдық мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы қаулыға сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Дүкенбаева Зада Оразғалиқызының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби және Әл-Машани» атты дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел барысында«Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» директорының міндетін атқарушы Ережепов Нұрлан Әскерұлы елімізді мерейлі мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, шаранысалтанатты түрде ашты.Ғылыми дөңгелек үстелдің модераторы, Әл-Машани мұрасын зерттеуші, т.ғ.д., профессор Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы болды.

Аталған дөңгелек үстелдің мақсаты – ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби мен геолог-ғалым, маркшейдер Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машанидың мұраларын насихаттау және жастардың санасына сіңіру,сонымен қатар, ғылыми дөңгелек үстел 2020 жылы Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығы және Ақжан әл-Машанидың 114 жылдығына орайластырылған шара болып табылады.

Ғұлама ғалым Ақжан Жақсыбек әл-Машанидың ғылыми ізденісінің арқасында Әбу Насыр әл-Фарабиді және оның шығармашылық мұрасын қазақ әлеміне таратудағы еңбегін орасан зор. Атап айтар болсақ, Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машанидың мына сөзімен негіздесек:«Бұл кісіден бұрын да, кейін де даналар болды. Бірақ, олардың ішінде дәл әл-Фарабидей геометрия, музыка, астрономия сияқты үш ғылым саласына бірдей ұлы үлес қосқан, аса ірі жаңалық ашқан ғалымды табу қиын. Платон, Аристотель, Птоломей сияқты ғұламалар музыканы жөнді меңгере алмағанын өздері жазып кеткен».

Ғылыми шараның отырысына«Отырар кітапханасы»ғылымиорталығының директоры, т.ғ.д., профессорМахат Д.Ә., Л.Н. Еуразия Ұлттық университеті Тарих факультетінің профессоры, т.ғ.д. Дүкенбаева З.О. және факультеттің 1-курс докторанттары БекетаевӨ., Қаумен Д., Маратова Д., Заркумова Н., Уәлиева Г., Асқарұлы Д., Иманғалиев А.және Нұр-Сұлтан қаласы №70 мектеп-лицейінің оқушылары менҚазақстан тарихы пәнінің мұғаліміқатысып, келелі де тұжырымды ойларымен бөлісті.

Дөңгелек үстел қорытындысында докторанттармен мектеп оқушыларының көкейінде жүрген сауалдарға жауап алды. Нәтижесінде «Әл-Фараби және әл-Машани» атты дөңгелек үстел бойынша тыңдарман қауымы өз қызығушылықтарын білдірді.