Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Основан 1996 году

Исторический факультет


«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша Аймақтық олимпиада

2021 ж. 11 қаңтарда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ деңгейінде онлайн аймақтық пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиаданың «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша бағытын Қазақстан тарихы кафедрасы өткізді.

«Дүниежүзі тарихы» пәніне Қазақстанның бүкіл облыстарынан қатысып, өтінім білдірушілер саны 46 құрады.

Тарих факультетінің деканның оқу-ісі жөніндегі орынбасары Сейтказина Куралай Отаубаевна оқушыларға ақ тілегін айтып, сәттілік тіледі. Қатысушыларға олимпиаданың өту ережесі, тәртібі таныстырылды. Пән бойынша олимпиада екі кезеңнен (эссе жазу, тест тапсырмалары) тұрды.

Оқушылардың білім деңгейін бағалауда кафедра ұжымынан құрылған комиссия төрайымы – кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Ғ.И. Көшенова, мүшелері - т.ғ.к., доцент Н.Е. Сайлаубаева, PhD, доцент С.К. Кабылтаева, т.ғ.к., доцент Қ.Қ. Батталов, аға оқытушылар – Б.Мұратбекқызы, К.Д. Жылқыбаев, Н.Н.Елкей және С.Б.Оразаев құрамында толыққанды жұмыс жасады.

Олимпиада қорытындысы бойынша жиналысқа университеттің Кәсіби бағдар және тестілеу орталығының қызметкері Л.Б.Егеубаева, тарих факультеті деканның оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қ.О.Сейтказина және комиссия құрамы қатысып оқушыларға нәтижелерді хабарлады. Комиссия төрайымы орын алған оқушыларға университет ректорының атынан І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапаттап, сыйлықтарын табыстады.

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша құрылған комиссияның шешімімен олимпиаданың қорытындысында мына оқушылар дәрежелі дипломдарды иеленді:

 

1-орын: Нұр-Сұлтан қ., №63 мектеп-гимназия – Нәрібек Б.С.

 

2-орын: Шардара қ., М.Горкий мектебі – Қамбар Асылжан

 

2-орын: Орал қ., 7 мектеп — Цибриенко Д.Д.

 

3-орын: Шымкент қ., 20 мектеп – Тельман. А.С.4

3-орын: №3 мектеп-гимназия — Уразбаев Б.Н.

3-орын: Нұр-Сұлтан қ., 13 мектеп — Капарова Қ.А.