«ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ФОРУМЫ

Ағымдағы жылдың ақпан айының 20-шы жұлдызында "Саран қаласы білім бөлімі" ММ Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Әбу Насыр Әл-Фараби және өркениет" атты тақырыпта №17 мектеп-гимназиясы қабырғасында облыстық ғылыми форум өткізілді. Бұл форум Ұлы дала елінің тұлғаларын және оның мұраларын өскелең ұрпаққа тереңірек танытуда зор рөл атқарды.

Аталған форумның ұйымдастырушылары"Саран қаласының білім бөлімі" ММ, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығыболды.

Облыстық ғылыми форумның мақсаты:"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Ұлы даланың ұлы тұлғаларын" дәріптеу арқылы тарихи сананы жаңғырту, Әл-Фараби мұрасын зерттеп, ғылымға серпіліс берген Ақжан Әл-Машани және оның еңбектерін өскелең ұрпаққа айту және дәріптеу, прогрессивті педагогикалық тәжірибені көрсету, пән мұғалімдері арасында озық тәжірибені тарату болып табылады.

«Әбу Насыр Әл-Фараби және өркениет» атты облыстық ғылыми форумның пленарлық жиынында ғалым-профессорлар ғылыми баяндамаларымен және ой-тұжырымдарымен бөлісті. Атап айтатын болсақ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі т.ғ.д. Дүкенбаева Зада Оразғалиқызы, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д., Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Смағұлов Жандос Қожахметұлы, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, т.ғ.к., доцент Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызы, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті "Археология, этнография және Отан тарихы" кафедрасының доценті, т.ғ.к., "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Амрина Минара Сапаровна, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті "Археология, этнография және Отан тарихы" кафедрасының доценті, "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Шотбакова Ләззат Қасымовна, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «Дүниежүзі тарихы және халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті, "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Смагулова Гульнара Муратбековна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің докторанты Иманғалиев Алмас  қатысты.

Аталмыш форум аясында көптеген пәндер бойынша ашық сабақтары және шеберлік сыныптары жүргізілді. Сонымен қатар, Саран қаласының №1 мектеп-лицейі, №17 мектеп-гимназиясы, №7 жалпы білім беретін мектеп-интернаты, №2,4,6,13,16 жалпы білім беретін мектептері, «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ, мектепке дейінгі мекемелердің ұстаздар мен оқушылары нақыштау, тоқу өнерлері, қыш қолөнері мен сазбен жұмыс өнерлері арқылы  өз қолдарымен жасаған қайталанбас туындыларымен таныстырды. Сондай-ақ, "Ұстаздың оралуы", "Әл-Фараби ізімен саяхат" атты әдеби-тарихи қойылымдар қойылып, ел назарына ұсынылды.

Ғылыми форум соңында "Ұлы даланың рухани мұрасының мәйегі - Әл-Фараби әлемі" атты көрме және "Әл-Фараби - ұлы даланың перзенті" атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

Қорытындылай келе, өткен өмір -  тарих, бүгінгі күн – өмір, ертеңгі күн болашақ.  Әл-Фараби және оның мұрасын зерттеуші Ақжан Әл-Машанидың тарихи бейнесі мен ерлік істері мәңгі ұрпақ жадында сақталатындығын дәйектей отыра, облыстық ғылыми форумға қатысушылар бірауыздан Саран қаласының бір мектебіне ғалымның есімін беру керектігі жөнінде шешім қабылдады.