«Баға жетпес тәуелсіздік төрінде»

Тарих факультетінің 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай жыл сайын өткізілетін «Баға жетпес тәуелсіздік төрінде» атты мерекелік концерті өтті.

 

Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алынды.

Салтанатты кешті тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Садықов Тілеген Садықұлын құттықтау сөзімен бастап, оқытушы Бижанов Асылжан Самиғоллаұлың ЕҰУ ректоры атынан берілген алғыс хатпен марапаттады.

Мерекелік кеште тарих факультетінің 1 курс студенттері ұйымдастырған «Тәуелсіздік ақ таңы» атты сахналық көрініс,

«Ұлы тұлғаларға тағзым» атты республикалық жас ақындар мүшәйрасыннан ii орынды иеленген Нұрдыбек Сарқытбекты арнау өлеңі, 2 курс магистрантты Бақтығали Элдардың "Дәулеткерей" күйі, үлгі тұтарлық ұстазымыз, Елкей Нұрлыбек Нұрланұлың орындауыңдағы ән, мың бұралған 3 курс биші-қыздарымыздың өнері және Е-студио тобының мүшесі 4 курс студенті Қадырова Аиданың әні шырқалды.