Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Основан 1996 году

Исторический факультет


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ «ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 7 ҚЫРЫ» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІН ТАЛҚЫЛАДЫ

2020 жылдың 11-қарашасында Қазақстан тарихы оқытушылары «Тәуелсіздіктің 7 қыры» деректі фильмін студенттік топтарда талқылады. Деректі фильм Тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі кезеңдегі Қазақстан Республикасының тарихындағы маңызды оқиғалар желісі сипатталады.

«Тарих» мамандығының 4-курс студенттік топтарының «ГУЛАГ жүйесі және Қазақстан қасіреті» пәнінде т.ғ.к., доцент Қ.О. Сейтказина аталған деректі фильмдегі негізгі тұжырымдар мен ойларды білім алушылармен қарастырып, негізгі идеясын тыңдаушыларға жеткізді. Топтың студенттері Алдоңғаров Әлішер, Анкабаев Мухамадияр, Нұрболатова Алуа және т.б. фильмге қатысты өз ойларымен бөлісіп, бүгінгі таңда жастардың тарихқа деген қызығушылығының артып келе жатқанына баса назар аударды.

Қазақстан тарихы кафедрасы аға оқытушысы Ж.С. Ерденбекова Сәулет-құрылыс факультетінің 1-курс студенттерімен талқылау барысында бірнеше топқа бөліп, бірнеше бағыттар негізінде сипаттап өтті. Әр топ студенттері деректі фильмдегі бағыттар бойынша жеке-жеке өз пікірлерімен бөлісті.