Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы мен ІІ дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған қашықтықтан өткізілген республикалық ғылыми жоба байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасы бірнеше жыл қатарынан Республикалық қашықтықтан өткізілетін ғылыми жоба байқауын ұйымдастырып келеді.

Мақсат – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің тарих факультетімен жалпы білім беретін орта мектептер оқушылары арасындағы байланысты күшейту, мектеп мұғалімдерімен ЖОО оқытушылары арасындағы байланысты нығайту. Республикалық, ұлттық деңгейдегі өзекті мәселелерді көтеру. Стратегиялық ғылым саласының бірі тарихқа оқушылардың қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ, Республикалық қашықтықтан өткізілетін ғылыми жоба байқауын ұйымдастыра отырып жас тарихшы ғалымдардың зерттеу жұмысына деген бейімін қалыптастыру.

Биылғы оқу жылында да осы мақсатпен «Абайдың тарихи мұралары» және  «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» тақырыптары бойынша байқау жарияланды. Себебі мұндай жобаларға әрине жылдың өзекті тақырыптары таңдалатыны сөзсіз. Байқауға қабылданатын ғылыми жоба эссе түрінде болуы шарт және осы екі тақырыптың бірін таңдауы  керек болды.

Жалпы байқау туралы ақпарат ақпан айында арнайы сайтқа жарияланды. Республикалық жалпы білім беретін орта мектептердің 10-11 сынып оқушылары қатыстырылатын болып шешілді.

Байқауға Республикамыздың түкпір-түкпірінен жүзден астам мақала келіп түсті. Негізінен Ақмола, Алматы, Ақтөбе, СҚО, ШҚО, Павлодар т.б. облыс қалаларынан, аудандарынан өтінімдер келіп түсті. Келген мақалалардың сапасы бойынша бүгінгі жас жеткіншектеріміздің ғылымға ден қоюы, ғылыми тұрғыда эссе жазуға бейімделуі, ұлт тарихына деген сүйіспеншілігі, тұлға танудағы ерекше пікірлері мен  ой еркіндігі өте жақсы аңғарылады.  Бүгінгі жас тарихшылар ертеңгі үлкен ғалымдарымыз болмақ. Сонымен, мұндай олимпиадалардың қандай маңызы бар, алдымен мектеп ұстаздарының ғылыми жұмыс жазуға оқушыларын бейімдеу арқылы өз біліктіліктері мен дәрежелерін көтеруі шыңдалады, жастарды мамандық таңдауға деген қызығушылыққа баулиды, бүгінгі мектеп оқушысы өзінің сүйікті ісіне бейімделу арқылы ертеңгі мамандығын жаңылмай таңдаған студент атанатыны сөзсіз. Тіпті студент атанғаннан-ақ мақала жазудың қыр сырын меңгерген шәкірт атанатын  болса, еліміздің ғылымына қосар үлесі де мол болмақ. Мектеп пен ЖОО арасындағы түбегейлі байланыс толықтай орнатылатын болса, сонда ғана ғылымда жетістіктерге жетуге жол ашылары анық. Бұл өз кезегінде жастарымызды мамандық таңдауда шатыстырмауға үлесін қосар еді.

Дегенмен, келіп түскен мақалалардың бәрі бір келкі деп айтуға да болмайды, мақалалардың жартысынан астамы ғылыми талаптарға сай болмағандықтан жарамсыз деп саналды. Бұл үлкен кемшілік те емес, ең бастысы оқушылар мен оқытушыларымыздың ынтасы біз үшін аса маңызды, сондықтан факультетіміздің атынан қатысушыларға алғысымызды білдіріп, алдағы істеріне сәттілік тілейміз. Мұндай олқылықтардың орнын толтыру мақсатымен алдағы қараша айында мектеп ұстаздары мен факультет оқытушылары арасында жастарды ғылымға тартудың қыр-сырын үйренуге арналған ғылыми-әдістемелік семинар өткізу жоспарлануда. Осындай игі іс- шараға мектеп ұстаздары да ат салысады деген ниеттеміз.

Сонымен байқаудың жеңімпаздары бас жүлде және І, ІІ, ІІІ-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды және сертификаттар беріледі. Байқау жеңімпаздары әділқазы мүшелерінің шешімі бойынша анықталды. Байқау нәтижесі сайтта жарияланады.

 Онлайн олимпиаданы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушылары Б. Мұратбекқызы және Ж.С. Ерденбековалар ұйымдастырды.

 

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы мен ІІ дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған қашықтықтан өткізілген республикалық ғылыми жоба байқауының

ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

 

 

 

 

АЖТ   

 

Жетекшісі Мақаласы

Облысы

Мектебі
Орыны
1

Орынғалиева А.А.

Турганбаева А.О.

Турарбеков Д. М.

 

«Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»  тақырыбында..

ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Нұр-Сұлтан қаласы

Бас жүлде

2 Ибрагим А.

Масаева Г. Қ.

 

«Абайдың тарихи мұралары» тақырыбында

№152 мектеп-гимназиясы

Алматы қаласы Алатау ауданы

1

орын
3

Айтжанов Т.Е.

Ержанова Д. Е.

 

«Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» тақырыбында

«Саумалкөл қазақ орта мектебі» КММ СҚО Айыртау ауданы

Саумалкөл селосы.
1 орын
4 Малик А.Н

Турганбаева А.О

 

«Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» тақырыбында

ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Нұр-Сұлтан қаласы
2 орын
5

Смаил Ж.Б.

Кариева Г.Б.

«Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» тақырыбында

Ақтөбе облысы,

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы

№4жалпы білім беретін орта мектебі
2 орын
6 Аманбек Н.

Тобықова Б.Д.

 
«Абайдың тарихи мұралары » тақырыбында

Нұр-Сұлтан қаласы

№66 мектеп-лицейі
2 орын
7 Кажмуханова Д.Т.

Альтергот В.В.

Баткалова А.Ж.

« Жойылсын жалғыз сөз соғыс  деген» тақырыбында

Көкшетау қаласы

ГТЛ-мектебі 

2 орын
8 Қадырбаев Н.

Шүкірбек Т.

 

«Абайдың  тарихи мұралары» тақырыбында

Нұр-Сұлтан қаласы

№71 мектеп - лицейі
3орын
9 Кажгалиев С. Т. Сулейменова Ж.С. «Абайдың тарихи мұралары» тақырыбында

Нұр-Сұлтан қаласы

72 лицей мектебі

3

орын
10 Байғабыл Т.Е.

Мансурова Қ.Б.

 

«Абайдың тарихи мұралары» тақырыбында

Нұр-Сұлтан қаласы

№59 мектеп-лицейі
3 орын
11 Жакупова Н.

Баймен Л. С.

«Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» тақырыбында

Қарағанды облысы

Жезқазған қ., №21 орта м.

3

орын
12 Пернебек Д.А

Абдахова С.М

«Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» тақырыбында

Нұр-Сұлтан қаласы

№59 мектеп-лицейі 9 «А» сынып
3 орын
13 Кириева Б.Е

Кадиркулова Ф. Н.

«Абайдың тарихи мұралары» тақырыбында

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы

№4 ЖББОМ
3 орын