Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Основан 1996 году

Исторический факультет


«ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ВЕБИНАР

      2020 жылдың 12-қарашасында Microsoft Teams платформасында «Қашықтықтан оқыту әдістемелері мен технологияларын тиімді пайдалану» тақырыбында вебинар өткізілді. Аталған вебинар қашықтықтан оқыту жағдайында университет оқытушыларының жұмыс тәжірибесінде студенттерге сабақ өту уақытында оқу материалдарын түсіндіріп, түрлі әдістер мен технологияларды тиімді пайдалану мақсатымен ұйымдастырылды. Цифрлық даму және қашықтықтан оқыту департаментінің директоры Г.Т. Бекманова өз кіріспе сөзінде студенттердің білім алу процесінде туындайтын негізгі мәселелерін айтып өтті.

Іс-шараға Қазақстан тарихы кафедрасы профессор-оқытушылар құрамы қатысып, баяндамашылар тарапынан айтылған түрлі кеңестерді тыңдап, өз жұмысында пайдалану жайында ұсыныстар алды.