«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ФЕНОМЕНІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЗЕРДЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты ғылыми дөңгелек үстел

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

 

«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ФЕНОМЕНІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЗЕРДЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

 

атты Халықаралық ғылыми конференция  

 

 

 

2020 жылғы 25 сәуір сағат 11-00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының   ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлы феноменін зерттеу және зерделеу мәселелері»  атты Халықаралық ғылыми конференция өткізеді.

Аталмыш іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті тарих факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, Мимар Синан атындағы университеттің тұлғатанушы, шоқайтанушы ғалымдары, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ, тарих, археология және этнология факультетінің ғалымдары мен докторанттары, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің ғалымдары, Қолжазба және сирек кітаптар ұлттық орталығының жас ғалымдары және елімізге белгілі Алаштанушы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысуы жоспарланып отыр.

Іс-шараның мақсаты:

XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы
Алаш көсемдерiнiң iшiнде ең бiрегейi және iрi тарихи тұлға феноменін зерттеу, зерделеу, насихаттау.

Ұлт ұстазына айналған, өмірбойы ұйқыдағы халқын «Маса» болып ызыңдап оятуды көздеген, «қазаққа қазақты сүюді үйреткен» Ахмет Байтұрсынұлының халқы үшін атқарған жанкешті қызметі бір төбе. Ол – ақын, ол – қоғам қайраткері, ол – қазақтың тұңғыш әдебиет теоретигі, лингвист, ағартушы - ғалымы... Ол – Алаш көшбасшыларының бірегейі. Ол қазақ үшін бес рет түрмеге түсіп: «Асықпаңдар! Артымызда қазы бар...» деп, соңында атылып кете барған асыл боздақ. Оның өмір жолын, жасаған қызметін білу, бағалау – біздер үшін парыз.

Ұлы тұлғаның еңбектеріне болашақ жас ғалымдарды тарту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «...Бәріміз – ұлы ұстазымыз Ахмет Байтұрсыновтың шәкірттеріміз. Ол бізді ең бастысы адам болуға, азамат болуға, біртұтас халық болуға үйретті, әлі де үйретіп келеді...» – деп әділ бағасын берген.

  Халықаралық ғылыми конференция барысында Ахмет Байтұрсынұлының ашылмай жатқан телегей теңіз мұралары жайындағы деректерге қызығушылық танытатын жас ғалымдарды тарту негізінде зерттеп-зерделеу, жинақтау арқылы ғылыми айналымға енгізіп, отандық оқырман игілігіне айналдыру мәселелері ғылыми тұрғыдан талдап-таразыланады. Отандық тұлғатанушы, ахметтанушы жас мамандарды даярлау мәселелері де шара барысында талдау назарына алынбақ.  

 

Ұйымдастырушы: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының ұжымы.

Жауапты: т.ғ.д., профессор Дүкенбаева Зада Оразғалиқызы.

Байланыс тел: 8 701 590 85 47.

ЕСКЕРТУ! «ZOOM» және «Webex Meet» программасында онлайн түрінде өтетіндігін хабарлаймыз.

Конференцияға қатысамын деушілерге онлайн сілтеме жіберілетін болады.

 

Жауапты координаторы: Маратова Динара – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Қазақстан тарихы кафедрасының 1 курс PhD докторанты.

Байланыс телефоны мен ватсаптағы номері: 87071045151;

 

Құрметті Конференцияға қатысушылар, жасаған баяндамаларыңызды PDF форматында ISBN мен жинақ ретінде шығарылады. Мына почтаға жіберулеріңізді сұраймыз: dinmaratova@gmail.com